
"2КТП-1000/6/0,4 толық жинақталған трансформаторлық қосалқы станциясы (әрқайсысы 1000кВА екі трансформатормен жабдықталған, әрі қарай "қосалқы станция" деп аталады) мына құрамда өндірілген:
- 1000кВА қуатындағы 2 электр трансформаторы;
- ЖКБҚ-6кВ (жоғары кернеулі бөлу қондырғысы);
- ТКБҚ-0,4кВ (төмен кернеулі бөлу қондырғысы).
ҚТП бұл бөлшектеусіз типтегі мобильді құрылыс. Ол елді мекен ішінде де, сыртында да тікелей атмосфералық жауын-шашын әсерінен қорғалған жағдайда пайдалануға арналған. Қосалқы станция ішінде тарату қондырғылары мен электр трансформаторлары орнатылған.

Өнімнің құрамы
Қосалқы станция каркасқа орнатылған модульді құрылыс болып табылады. Каркас пен қабырғалар полиэфирлі ұнтақ бояумен жабылған прокаттанған болаттан жасалған, ал төбесі мысқалды прокаттанған болаттан. Каркас тікбұрышты қималы құбырлардан дәнекерленіп, оған болат парақтардан жасалған қабырғалар дәнекерленген. Жүктеме-түсіру жұмыстары ГОСТ 12.3.009-76 талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс. Қосалқы станция СТ РК 2703-2015 стандартының талаптарына сәйкес келеді.
Қауіпсіздіктің жалпы талаптары өндірістік жабдық бөлімі бойынша ГОСТ 12.2.003 талаптарына сәйкес келеді.

Қосалқы станцияның функционалдық құрамы:
- кешенді трансформаторлық қосалқы станция (КТҚС) ғимаратының энергетикалық сұлбасы;
- 1000 кВА қуатындағы 2 электр трансформаторы;
- 10 кВ ЖКБҚ (жоғары кернеулі бөлу қондырғысы);
- 0,4 кВ ТКБҚ (төмен вольтті қондырғы).

Ғимарат ішінде металл қалқамалар бар. Трансформатор бөлімі ЖОҚ-6кВ бөлімінен және ТОҚ-0,4кВ бөлімінен бөлектелген. Әр бөлімге есік арқылы қатынауға болады.
Жабдықтар тізімі:
- 0,4кВ ТКБҚ (төмен кернеулі бөлу қондырғысы);
- 4000кВА-ға дейінгі электр трансформаторы;
- 10кВ ЖКБҚ (жоғары кернеулі бөлу қондырғысы).

10кВ ЖКБҚ КСО шкафы
Үш фазалы айнымалы токты (жиілігі 50 Гц, номиналды кернеуі 6 кВ) қабылдауға және таратуға арналған. Ол изоляцияланған немесе доға сөндіру реакторы арқылы жерге қосылған бейтарап жүйелерге қолданылады. Шығатын қосылымның қорғанысы ерітілгіш сақтандырғыш арқылы жүзеге асырылады.

ТМГ-1000/6 трансформаторы
Майлы герметикалық үш фазалы электр трансформаторы. Энергетика саласына және электр станцияларының өз қажеттіліктеріне арналған. Табиғи майлы және ауамен салқындатылатын трансформаторлар климаты тұрақсыз аймақтарда орналасқан елді мекендерді электрмен қамтамасыз ету үшін қолданылады.

0,4кВ ТКБҚ
380В кернеулі, 50Гц өнеркәсіптік жиілікті айнымалы токты қабылдауға және таратуға арналған. Өнеркәсіптік атмосфера жағдайларында жұмыс істеуге бейімделген.
Техникалық сипаттамалары:
- Электр трансформаторының қуаты: 25кВА; 160кВА; 250кВА; 400кВА; 630кВА; 1000кВА; 1250кВА; 1600кВА;
- Жоғары кернеу жағындағы номиналды кернеу: 6кВ; 10кВ;
- Жоғары кернеу жағындағы ең жоғары жұмыс кернеуі: 7,2кВ; 12кВ;
- Төмен кернеу жағындағы номиналды кернеу: 0,4кВ;
- Жинақи шиналар тогы (төмен кернеу жағында): 0,15кА; 0,23кА; 0,36кА; 0,58кА; 0,91кА; 1,44кА; 1,81кА; 2,31кА;
- Жоғары кернеу жағындағы термиялық төзімділік тогы (1 с ішінде): 16кА; 21кА; 25кА;
- Жоғары кернеу жағындағы электродинамикалық төзімділік тогы: 51кА;
- Төмен кернеу жағындағы термиялық төзімділік тогы (1 с ішінде): 10кА; 25кА; 30кА; 50кА;
- Қорғау дәрежесі: IP34.

Қосалқы станцияның жұмысы мынадай жағдайларда қамтамасыз етіледі:
- Теңіз деңгейінен биіктік – 1000 м-ден аспауы тиіс;
- Қоршаған ауа температурасы – минус 60 °С-тан плюс 40 °С-қа дейін;
- Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы – плюс 25 °С-та 100%;
- Желдің жылдамдығы – 50 м/с-тан аспауы керек;
- Қоршаған орта – жарылғыш емес, электр өткізетін шаңдарсыз, металл мен изоляцияны бұзатын агрессивті газдар мен булардың концентрациясы жоқ.