Электротехникалық жабдық өндіруші компания жүргізетін іске қосу-реттеу жұмыстары - бұл жабдықты пайдалануға берудің қорытынды кешенді шаралары болып табылады. Ол жүйелердің дұрыс және қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тексеру, реттеу және сынақтарды қамтиды:
Іске қосуға дейінгі тексерулер:

- жабдықтың жоба мен стандарттарға сәйкестігін көзбен тексеру;
- орнату сапасын тексеру (контактілер, заземление, оқшаулау);
- оқшаулау кедергісін өлшеу, тізбектерді тексеру.
Жабдықты реттеу:

- релелік қорғаныс автоматика (РҚА), басқару жүйелерінің параметрлерін реттеу;
- датчиктерді, есептегіштерді, ток/кернеу трансформаторларын калибрлеу;
- микропроцессорлық құрылғыларды бағдарламалау.
Кешенді сынақтар:

- жабдықтың жүктеме астында жұмыс істеуін тексеру;
- авариялық режимдерді (мысалы, қысқа тұйықталу) модельдеу арқылы қорғаныс жүйелерін тексеру;
- диспетчерлік басқару жүйелерімен (SCADA) синхронизациялау.
Пайдалануға беру:

- жабдықты кернеу астында кезең-кезеңімен қосу;
- жұмыс параметрлерін бақылау (ток, кернеу, температура);
- пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша нұсқау беру;
- құжаттаманы тапсыру (паспорттар, сынақ хаттамалары, схемалар);
- қабылдау-тапсыру акттерін құрастыру.